СҚО-да қайтарылған активтер есебінен жаңа сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Баянтай ауылында жаңа сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды. Жоба прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.