Астанада екі жекеменшік клиниканың басшысы МӘМС-тен 682 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.