Аустралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі 5 млн аккаунты өшірілді

АСТАНА. KAZINFORM — 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу күшіне енгеннен кейін небәрі бір ай ішінде платформалар аустралиялық жасөспірімдерге тиесілі шамамен бес миллион аккаунтты бұғаттаған. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ жазды.