Атыраудан және Атырауға қатынайтын бірқатар рейс 16 қаңтарға ауыстырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Атырау әуежайындағы ұшу-қону жолағында ілінісу коэффициентінің төмендеуіне байланысты 15 қаңтарға жоспарланған Атыраудан және Атырауға қатынайтын кешкі рейстер 16 қаңтарға ауыстырылды. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы хабарлады.