Гренландияға еуропалық әскери контингент келе бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Гренландия астанасы Нуук қаласына Францияның 15 әскери қызметкерінен тұратын шағын контингенті жетті. Сонымен қатар бірқатар еуропалық елдер Дания басқаратын «Арктикалық төзімділік» деп аталатын барлау сипатындағы оқу-жаттығулар аясында аралға өз әскерилерін жіберіп жатыр, деп хабарлайды BBC .