Жамбыл облысында екі аптада қызылшаның 191 жағдайы тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысында соңғы екі апта ішінде қызылшаның 191 жағдайы анықталды. Оның 139-ы бес жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Аурудың негізгі ошағы Тараз қаласы болып отыр, мұнда 155 жағдай тіркелген.