Шымкентте дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген азаматты аман алып қалды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Науқас ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген. Тексеру барысында оның ас ішегі 3-4 жерден тесіліп, іш қуысына инфекция тарағаны анықталды.