АСТАНА.KAZINFORM – Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу жаңа стандарттар аясында жүзеге асырылады. Редакцияның ресми сауалына берген жауабында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетінін мәлімдеді.