АСТАНА. KAZINFORM — Су ресурстарын қорғау саласында бақылау айтарлықтай күшейді. Жаңа Су кодексінің қабылдануымен бассейндік су инспекцияларының өкілеттіктері кеңейіп, заңсыз су пайдалануға жедел әрекет ету мүмкіндігі артты. Нәтижесінде тексерулер саны өсіп, «қара нарықпен» күрес күшейді, ал су қорын қорғау тетіктері бұрынғыдан да нақты әрі тиімді бола түсті. Бұл туралы ведомствоныңң баспасөз қызметі мәлім етті.