АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 629 кәсіпорнында 11,9 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам сомаға берешек барын анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8,7 мыңнан астам фактісі анықталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.