Ақтау қаласынан Бейнеуге бағыт алған автобус апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды

АҚТАУ. KAZINFORM — 16 қаңтар күні шамамен сағат 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.