Tinder-дегі «Нұрай»: 4 млн теңгеге алаяқтық жасаған жігіт сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған 20 жастағы қала тұрғынына үкім шықты. Ол танысуға арналған Tinder қосымшасына әйел адамның атымен «Нұрай» деп тіркеліп, өзінің Telegram аккаунтына сілтеме қалдырған. Бұл туралы А стана қаласы прокуратурасы мәлім етті.