БҚО-да медициналық мекемелер 71 млн астам теңгеге негізсіз қызмет көрсеткен
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында 2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша медициналық мекемелерде негізсіз есепке алудың 4 798 дерегі анықталып, оның жалпы сомасы 71 млн 557 мың 687,21 теңгеге жеткен.