Былтыр 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2024 жылмен салыстырғанда 5,1% артып, 20 099,1 мың м2 құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.