Елордалық оқушы әлемнің 10 жетекші университетінен шақырту алды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласындағы № 9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Аяла Маханбетәлі әлемнің жетекші он университетінен бірден ресми шақырту алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.