Алатау қаласында екі бюджет болады, одан республикалық қазынаға қаржы алынбайды — жаңа заң жобасы
АСТАНА. KAZINFORM — Алатау қаласының бюджетінен республикалық бюджетке қаражат алуға тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Jibek joly телеарнасының JJ Studio бағдарламасына берген сұхбатында айтты.