АСТАНА. KAZINFORM – Бұл аптада Қазақстанның экономикалық болашағына әсер ететін маңызды оқиғалар орын алды. Әлемдік БАҚ әрбірін қалт жібермей, биліктің ресми мәлімдемелерін тұрақты жариялап отырды. Оның ішінде Украинаның қазақ мұнайын тасымалдайтын екі танкерге шабуыл жасауы, елдің электр энергиясына қатысты стратегиялық жоспары және шетелдік қаржы ұйымдарының Орта дәлізді дамытуға бөлген қаражаты туралы көп айтылды. Кәсіппен айналысатын әйелдер жайы, ауызсумен қамту мәселесі де қалыс қалмаған. Толығырақ Kazinform тілшісінің шолуынан оқыңыз.