Әлем елдері білімді дәстүрлі бағалау жүйесіне оралмақ – ЖИ қандай қауіп тудырды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның білім беру жүйесі жасанды интеллект дәуіріне нық қадам басты. Мемлекеттік білім стандарттары жаңартылып, мектеп пен университеттерде ЖИ-ді оқыту қолға алынды. Алайда технологиялық серпінмен қатар, сыни ойлау, есте сақтау, академиялық адалдық пен цифрлық гигиена мәселелері күн тәртібіне шықты. Жасанды интеллект – білім беруді дамытудың қозғаушы күші ме, әлде оған төнген жаңа сын-қатер ме? Kazinform сарапшылар пікіріне сүйене отырып, мәселенің мән-жайын зерделеп көрді.