Өскеменде 15 жыл бұрын салына бастаған колледж қалай «сақалды құрылысқа» айналды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы Ілияс Есенберлин даңғылы бойында орналасқан бұрынғы машина жасау колледжінің ғимараты – өңірдегі ең ұзаққа созылған әрі ең даулы құрылыстардың бірі. 2011 жылы басталған бұл жоба әуелде еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға арналған ауқымды мемлекеттік бастаманың бір бөлігі болған. Алайда арада он жылдан астам уақыт өтсе де, нысан толық пайдалануға берілмей, жемқорлық, талан-тараж бен жауапсыздықтың символына айналды.