Қызылорда қаласынан бір жылда 93 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – «Қызылорда тазалығы» мекемесі облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерден, жеке секторлар мен кәсіпкерлік нысандарынан шыққан тұрмыстық қатты қалдықты арнайы техника көмегімен жинап, полигонға төгумен айналысады.