Атырауда алып бала дүниеге келді

АТЫРАУ.KAZINFORM- Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,8 келі , бойы 61 сантиметр болатын алып сәби өмірге келді. Дәрігерлер 36 жастағы әйелге ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалған.