Мұнай бағасының құбылуы Әзербайжан экономикасына қалай әсер етеді

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Әзербайжанның мұнай-газ саласы тұрақсыздық жағдайында дамып жатыр. Геосаяси ахуал, жаһандық мұнай ұсынысындағы өзгерістер мен ОПЕК+ ұйымына кірмейтін елдердің рөлінің артуы салаға айтарлықтай әсер етуде. Аталған фактор жаңа сын-қатерлер туғызып, нарықтағы тепе-теңдікті сақтауды қиындатып отыр.