ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемендегі кітапханада жұмыс істейтін Алмас Асқарұлы 6 тілдерін толық меңгерген. Атап айтқанда, қазақ, ағылшын, түрік, әзербайжан, түрікмен және орыс тілдері. Бұдан бөлек, парсы, украин тілдерінде еркін сөйлей алады. Kazinform тілшісі оны әңгімеге тартып, мұнша тілді қалай үйренгенін сұрап көрді.