ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында қалалар мен моноқалаларға арналған медицина саласы кадрларын қолдаудың жеке бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұған өңірде дәрігер тапшылығы мәселесінің өзектілігін жоймай келе жатқаны себеп болды. Қазіргі таңда аймақ бойынша шамамен 150 дәрігер жетіспейді.