АСТАНА. KAZINFORM – Домофонға ай сайынғы төлем мәселесі көппәтерлі үйлердің тұрғындары арасында жиі даулы мәселеге айналып тұрады. Тұрғындардың пайымынша, есікті орнату кезінде жабдықтың құны төленгендіктен, одан кейінгі алымдар заңсыз. Сондықтан осы және басқа да сұрақтарға Ақмола облысының адвокаттар алқасының қорғаушысы Нұрлан Жаңабаев жауап берді.