ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Ұлттық құрылтай – мемлекетіміздің дамуына өзек болар ең маңызды тақырыптар талқыланатын алқалы жиын. Бұл туралы Қызылорда қаласындағы V Ұлттық құрылтай аясында өтіп жатқан секциялық отырыс кулуарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Самат Нұртаза айтты.