Елімізде алғашқы әскери дайындық пәнінің жұмысы неге ақсап тұр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Пандемиядан кейін оқу-далалық жиындары мектептерде ғана өтеді. Ал мектептерде пневматикалық мылтық пен Калашников автоматының оқу макетінен басқа ештеңе жоқ. Әскери бөлімдер болса оқушыларды әскери полигонға кіргізуге құлықсыз. Еліміздегі әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары қалай жүргізіледі? Kazinform тілшісі сала мамандарынан сұрап білді.