АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы қоғамдық тамақтану нысандарында өткен жылдан бері өрттің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралар туралы Астаналық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Бабаев, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Әшімов, Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қанат Нысантаев мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.