Ғалымдар сүт өнімдерін өндіруде табиғи криопорошоктарды қолдануды ұсынды

АСТАНА.KAZINFORM  - «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» (ҰАҒБО) КЕАҚ ғалымдары сүт өнімдерінің сапасын арттыру, импорттық ингредиенттерге тәуелділікті азайту және Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайту сияқты бірқатар маңызды міндетті шешуге бағытталған инновациялық жобаны іске асырып жатыр.