АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Онда депутаттар қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пунктінің тәулік бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін заң жобасын қарайды. Сонымен қатар халықаралық азаматтық авиацияға қатысты құжатты да пысықтайды.