АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы қаңтардан бастап Астана қаласында асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері артты. Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Асқар Аймағанбетов хабарлады.