Алматыда есірткі плантациясын ұйымдастырған екі күдікті ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында нысаналы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын фитозертхананың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.