АСТАНА.KAZINFORM - Есіл өзенінде жылтыр қармақпен (мормышка) спорттық балық аулаудан Астана қаласының чемпионаты өтті. Ауқымды іс-шараны Астана қаласының Спорттық балық аулау федерациясы ұйымдастырды. Жарыста еліміздің мықты спортшылары бір алаңға жиналып, қала өмірінде спорт пен әлеуметтік жауапкершіліктің үйлесімді үлгісін көрсетті, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.