Қызылордада жеке мектеп ғимараты коммуналдық меншікке берілетін болды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Р.Әліарыстанұлы атындағы жеке мектепті мемлекеттік меншікке алу бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты.