Қызылордада тоғызқұмалақшылар тұңғыш рет жасанды интеллектпен сынға түсіп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында халықаралық-рейтингтік турнир аясында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алу мақсатында тоғызқұмалақтан тұңғыш рет «Champion» турнирі өтіп жатыр. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.