Германияның кеден қызметі мүсін ішінен 1 миллион еуроның есірткі затын тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Германиядан Канада мен Австралияға жөнелтілген бақша гномдарының мүсіндерінің ішінен құны 1 миллион еуро тұратын 25 келі кетамин бар екені анықталды. Кеденшілер заңсыз жүкті Кёльн/Бонн әуежайында тәркіледі, деп хабарлайды DW.