АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың басынан бері 27,5 мың азамат, оның ішінде 9,9 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі — Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.