АСТАНА.KAZINFORM - Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысып, мемлекеттік органдар басшылығы және облыс әкімдерінің қатысуымен Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Президент қойған міндеттер шеңберінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының үздіксіз қызметіне қатысты мәселелер қаралды.