«Көрші әйелдерді соққыға жыққан»: Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың жұбайына айып тағылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінде көршілер арасында жанжал туындап, қазіргі уақытта бұл оқиға құқық қорғау органдарының қарауына өтті. Оқиға ортасында бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың жұбайы қалды. Көрші әйелдер оны соққыға жықты деп айыптаса, өзі болған жағдайды арандатушылық деп отыр.