Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлер саны бір жылда екі есеге жуық өсті

АСТАНА. KAZINFORM — Министрлік 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бекітті. Оған 1431 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі енгізілген. Ал 2024 жылғы қорытынды бойынша тізілімде 835 кәсіпорын болған, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.