АСТАНА. KAZINFORM – Елордада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімі өтті. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталды.