Бахаргүл Төлегенқызы: Коллекциямда мыңнан астам антикварлық бұйым бар

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның нарығында ұлттық кәде сый мәдениетін қалыптастырып, ұмыт қалған жәдігерлерді қайта тірілткен белгілі коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегенқызының бұл салада жүргеніне 30 жыл толды. Бүгінде оның жеке қорында біздің заманымыздың I ғасырынан бастап, XVIII-XIX ғасырларды қамтитын мыңнан астам бірегей экспонат сақтаулы. Елордадағы ЭКСПО аумағында ашылған «Жауһар жәдігер» көрмесі мен ұлттық өнерді дәріптеудің маңызы туралы коллекционер егжей-тегжейлі баяндап берді.