АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша бұйрық жобасын әзірледі. «Ашық НҚА» порталында орналастырылған құжат рәсімдердің ашықтығын және ұсынылатын тауарлардың сапасын арттыруға бағытталған.