АСТАНА. KAZINFORM — Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Әзербайжанның Нахчыван халықаралық әуежайы маңында болған дрондармен байланысты оқиғаға Тегеранның қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Бакудегі меншікті тілшісі хабарлады.