Ресейде самокат мәселесі мемлекет басшысы деңгейіне көтерілді

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Ресейде электр самокаттары мен басқа да жеке ұтқырлық құралдарын (ЖҰҚ) пайдалану тақырыбы қоғамда ұзақ уақыт бойы пікірталас тудырып келсе, енді бұл мәселе ең жоғары деңгейге көтерілді. Президент Владимир Путин үкіметке оларды пайдалану ережелерін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Мәскеудегі меншікті тілшісі.