20-дан астам штат Трамп енгізген жаңа тарифтерге қатысты сотқа шағымданды
АСТАНА.KAZINFORM - Бейсенбі күні жиырмаға жуық штат Дональд Трамптың жаңа жаһандық тарифтеріне қарсы шығып, импорттық баждарға қарсы сот ісін қозғады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы тілшісі NBC News -ке сілтеме жасап.