Ғалым әйелдерге академик Базанова атындағы марапат табысталды

АСТАНА.KAZINFORM – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы отандық ғалым әйелдерге арналған академик Н.Базанова атындағы марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.