ЮНИСЕФ дабылы: Ирандағы соққылардан балалар зардап шегіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) дабыл қағуда: АҚШ пен Израильдің Ирандағы әскери операциясының салдарынан шамамен 180 бала қаза тауып, жүздегені жарақат алған. Ұйым халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес балалар мен мектептердің қорғалуын қамтамасыз етуге шақырды. Бұл туралы ұйым өзінің ресми сайтында жариялады.