Құтқарушылар Абай облысында адасып кеткен ер адамды аман-есен тапты

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы, Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым жердегі Қоңыр Әулие үңгірі маңында Төтенше жағдайлар министрлігі, облыстық полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдар күштері бірлесе таулы жерде адасып кеткен 1989 жылы туған ер адамды іздеп, тапты, деп хабарлайды ТЖМ .