БҚО-да 90 елді мекенде су қорғау аумақтарының шекарасы белгіленбек

ОРАЛ. KAZINFORM – 2025 жылы 9 сәуірде қабылданған жаңа Су кодесінің 133-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар екі жыл ішінде елді мекендердің шекаралары шегінде жерүсті су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеуге міндетті.